Балаларды сатудың алдын алу

2021 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Zoom платформасындағы онлайн-конференция режимінде балалар саудасына қарсы күрес жөніндегі Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен өтткен  кеңейтілген отырысқа қатысты.

Өкінішке қарай біз газет және онлайн БАҚ беттерінде, сондай-ақ телесюжеттерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда, жетімдер үйі мен бөбектер үйіндегі балалардың сатылуы жайлы жаңалықтарды  кездестіруге мәжбүрміз.

Оған «Караван» апталық газетінің сайтындағы «Балалар саудасы» деп аталатын қылмыстық хрониканың бөлімі немесе 2020 жылдың 11 қарашасындағы «Қазақстандағы МК» газетінде жарияланған «Қазақстанда бала саудасы өркендеуде» атты мақала дәлел.

Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде алаңдатарлық тақырыпты қозғаған кездесуді ұйымдастырушылардың шақыруынан бас тара алмады. Сонымен қатар кездесуге жергілікті атқарушы биліктің, ІІМ бөлімшелерінің, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

Балалар омбудсмені бала сату жағдайларының алдын алу бойынша істерге қатысу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Милосердие» ерікті қоғамы» ҚҚ бірлескен «Жетімі жоқ Қазақстан» жобасының жұмысы жайлы айтып берді.

Өз кезегінде, Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әрқашан мемлекеттің ой өрісінде болуы тиіс, сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау басымдық болып қала береді» деп атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдарға бірқатар нұсқаулар жасады.

Фото – Атырау облысы прокуратурасының сайтынан.