Балалар жасыл планетаны қолдайды!

Бүкілқазақстандық экологиялық жобаның екінші кезеңіне айналған «Менің жасыл пленетам» атты экологиялық суреттер байқауына 2600 жұмыс келіп түсті. (бірінші кезеңді қарау). Байқау ҚР Президентінің қамқорлығы аясында,  ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен, «Балалар әлемді бейнелейді» ҚҚ қатысуымен, БҰҰ Ақпараттық бюросының және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының қолдауымен өтті.  

Қатысушылардың өз жұмысы аясында ғана шектелмегені қуантады – бояу немесе қарындаштармен ғана емес, сондай-ақ ермексаз және басқа да қол асты материалдардан жасалған картиналар болды. Балалар өз жұмыстарымен қатар баяндама, эссе, фотосуреттер және видео жіберді. Сондықтан қазылар алқасына үздік жұмыстарды таңдау оңай болмады.  Дегенмен бірнеше күнге созылған пікірталастан кейін барлық сыйлық өз иегерлеріне –  Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Тараз, Ақтау, Ақсай (БҚО), Ақжар (ШҚО) және Ноғайбай (СҚО) елді мекендерінде тұратын жеңімпаздарға табысталды. 

Сыйлықтардың демеушілерін ерекше атып өту керек – «Edu Stream» білім беру орталығы (Австрия астанасы Венаға сапар шегу сертификаттары), «Технодом» компаниясы (смартфондар мен планшеттер) және «Настоящий Буратино» сауда маркасы (экшн-камера).

Сонымен, төрт жас санаты бойынша (6-8, 9-11, 12-14 және 15-17 жас)  бірінші орын жеңімпаздарына  Венаға сапар шегу сертификаты (COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясы аяқталғаннан кейін) мен Samsung Galaxy Tab планшеті,  екінші орын иегерлеріне – Samsung Galaxy смартфоны, үшінші орын иегерлеріне – Huion Inspiroy графикалық планшеті табысталады.

Ал Гран-при иегері, ақтөбелік 15 жасар Яна Демченко Венаға сапар шегу сертификатымен бірге Ultra HD экшн-камерасын жеңіп алды.

Біз барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Міне, бірінші орын иегерлерінің есімдері мен олардың жұмыстары:

Жанел Сәкен (8 жас, Өскемен),

Аделия Сатыбекова (10 жас, Алматы),

Нұрмұхаммед Байдүйсен (14 жас, Шымкент),

Аяулым Мамыт ( 16 жас, Тараз)

және Яна Демченко (15 жас, Ақтөбе).