Балалар үйінің орнына – біріктірілген отбасылар

2022 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» Корпоративтік қорының шақыруымен Қазақстанда кәсіби патронаттық отбасылар институтын дамытуға бағытталған қордың Алматы қаласындағы жобаларына барып қайтты.

 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға баламалы күтім көрсету бойынша басшылық» қарарын қабылдады, атап айтқанда, бұл құжатта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың нақты психоэмоционалдық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттер күтімнің баламалы нұсқаларын ұсыну үшін заңнамалық, саяси және қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы, отбасылық күтімге артықшылық беруі керек делінген. 2019 жылғы Бала құқықтары туралы ұқсас қаулыда да мекемеде күтім жасаудың балаларға келтірген зиянын мойындау және мекемеге орналастырудың алдын алу ұсынылды.

Сондықтан Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі лауазымына кірісе отырып, Аружан Саин барлық күш-жігерді интернаттық үлгідегі балалар үйлерінің санын азайтуға және балаларды патронаттық/интеграцияланған отбасыларға және отбасылық үлгідегі балалар үйлеріне беруге бағыттап, әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбие алу құқықтарын жүзеге асыруға белсене кірісетінін мәлімдеген еді.

Мысал ретінде, сол 2019 жылы бір жарым жылға созылған Алматы қаласының №1 Балалар үйін жабу процесі басталды, оның тәрбиеленушілері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (қазір – Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы) және Бөбектер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге бала күтімінің баламалы, отбасына негізделген нұсқаларын әзірлейтін «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» КҚ ауыстырылды.  Аружан Саин Қазақстанның «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» тәрбиеленушілері тұрып жатқан осындай екі біріктірілген отбасына барды.

Отбасы әлеуметтануында біріктірілген отбасы деп әйелі мен күйеуінің ата-анасы, әртүрлі некедегі балалары бірге өмір сүре алатын отбасын атайды. Уәкіл барған екі отбасы заманауи үлгідегі кең, жайлы пәтерлерде жеті бала, соның ішінде өз балаларымен бірге тұрады. Олардың барлығы қарапайым мектепте оқиды, спортпен және шығармашылықпен айналысады, үй шаруасына көмектесіп, отбасылық өмірдің ең маңызды дағдыларын меңгеруде. Оны Балалар омбудсмені өз көзімізбен көріп қайтты.

Осы жерде, сондай-ақ «Қазақстанның SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілері 16 жасқа толғанда баратын «SOS Жастар үйінде» көргені мен естігені оның интеграцияланған отбасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер үшін ең жақсы шешім екенін одан әрі нығайта түсті.

Балалар омбудсмені мемлекет басшысына мемлекеттік мектеп-интернаттарды деинституционализациялау міндеті туралы бірнеше рет хат жолдаған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі кәсіби отбасылар туралы заң жобасын әзірлеуде, ал 2022 жылы осы заңды қабылдап, барлық қажетті НҚА әзірлеу міндеті тұр.