Балалар суициді және балаларға қатысты зорлық-зомбылық жайлы ақпаратты тарату жайлы ойымыз

 «Бүкіл адамзаттың бақыты бір де бір бейкүнә баланың көз жасынататымайды».– Фёдор Михайлович Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романына сілтеме жасай отырып, дәл осы сөздерді журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары жиі қолданады. Алайда түпнұсқада (5 кітап 2 бөлімінің IV «Бүлік» тарауын қараңыз)Иван Карамазов өзінің ағасы Алешағаайтқан әңгімесінде әлдебір «жоғары үйлесім» үшін, адамдардың жақсылық пен жамандықты ажырата білуі үшін бейкүнә балалардың осы дүниеде азап шегуіне жол беретін Құдайды қабылдай алмайтыны жайлы идеясын әлдеқайда кеңірек көрсетеді. Бұл жағдайда мынаны айтқымыз келеді…

Айтылған сөз атылған оқпен тең демекші – ашықтық пен айқындықтың да өз шегі бар.  Сондықтан жәбірленушіге одан да көп зиян келтірмеу үшін қашан және қалай сөйлеу керектігін түсіну өте маңызды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша қылмыстық іс міндетті түрде қозғалады, тергеу мүддесі үшін оқиғаның мән-жайын ашу көп жағдайда мүмкін емес. Сондай-ақ моральдық-этикалық себептерге байланысты жәбірленушіні немесе қылмысқа күдіктіні мерзімінен бұрын анықтауға көмектесетін кез келген мәліметті жария етуге болмайды (бұл айыпталушы мәртебесіне көшкен кезде де кінәсіздік презумпциясы принципіне бағынады).

Бірақ мұндай жағдайларда ең бастысы – жазаның бұлтартпастығы. Ал кінәлілер лайықты жазасын алуы үшін құқық қорғау органдары, прокуратура, сот өз жұмысын барынша тиімді атқаруы қажет. Сирек жағдайларды алмағанда, бұл балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларында солай болады, сондықтан оны жария етудің қажеті жоқ.

Суицидке келетін болсақ, егер адам өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге итермелеу күдігі болмаса да (мәселен, марқұм өз әрекетінің себебін түсіндіріп,хат жазып кетеді) айтылған пікірлер қайғы жұтып отырған туған-туыстыңкөңіліне одан әрі қаяу түсіруі әбден мүмкін.

Тағы бір маңызды мәселе «Вертер эффектісі», ол арнайы әдебиеттерде еліктеу суицидтері деп аталады. Бұл термин Иоганн Вольфганг Гётенің «Жас Вертердің азабы» романынан шыққан. Романның кейіпкері бақытсыз махаббаттың кесірінен өз-өзіне қол жұмсайды: шығарма жарияланған 1774 жылы көптеген жас жігіттің дәл осы жолмен өз-өзіне қол жұмсағаны жайлы мәліметтер жиітарай бастаған.

Өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының кең таралуы қосымша суицидтік мінез-құлыққа әкелуі мүмкін. Мұны бір немесе бірнеше суицид туралы БАҚ хабарламаларына тікелей қатысты 100-ден астам суицидтік зерттеу жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да (ДДСҰ) растап отыр.

«Суицидтің алдын алу: жаһандық талап» («Preventing suicide: a global imperative»; Geneva: World Health Organization; 2014) кітапшасындағы мәлімет  қоғамдық ортада–теледидарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде суицид туралы ақпаратты дұрыстарату тәуекел тобындағы адамдар арасындасуицидке еліктеуді тиімді шектейтінін көрсетеді.

Өз-өзіне қол жұмсау туралы хабарламалар еліктеу суицид қаупін азайтумен қатар арттыруы да мүмкін. Суицид оқиғаларын қазіргідей ешқандай шектеусіз, егжей-тегжейлі тарату адамдарды суицидті қалыпты нәрсе ретінде қабылдауға итермелейді, әсіресе жасөспірімдер арасында суицидтік ойлардың артуына ықпал етеді.

Сондықтан бұл жерде БАҚ-тың, блогерлердің, пікір көшбасшыларының рөлі өте жоғары – біз мұндай оқиғаларды жариялауға жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Ең бастысы: Біз әрбір қайғылы оқиғанымарқұмның туған-туыстармен, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және басқа да ведомстволармен тығыз байланыста бақылауда ұстаймыз.

Қорытындылай келе мынаны айтқым келеді:Қазақстанда балалардың суициді мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық статистикасының тым жоғары болуы отбасында, қоғамда, мемлекет жүйесінде балаларға қатысты терең проблемалар бар екенін айқын көрсетіп тұр. Сондықтан бізге бұл жағдайдың неге оңалмай жатқанын түсіну өте маңызды.

Әрине, полиция, прокуратура, сот, психологтардың жұмысы өте маңызды, бірақ бұл – салдармен жұмыс. Ал біз СЕБЕПТЕРМЕН күресуіміз керек. Себептерді жою – балаларға қалағанымен айналысуға мүмкіндік беру. Мемлекет балаларды сапалы біліммен, сондай-ақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, мектептен тыс уақытта өз қабілеттері мен таланттарын дамытуға мүмкіндік беретін жүйе құруы керек.Балалардың өмірі жағымды әрі  пайдалы жетістіктерге толы болуы керек. Өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаһандық жүйелі шаралар ғана суицид, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, буллинг статистикасын азайта алады.

Уәкілдің ресми сайтындағы «Өтініштеріңіз» бөлімімен танысып шығуды ұсынымыз.