Балалар омбудсмені балалардың денсаулығын қорғаудың өзектімәсе лелеріне тоқталды

2022 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Астанада XIХ Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» Astana Zdorovie-2022 көрмесі аясында өтіп жатқан «GLOBAL PHARM» II Халықаралық фармацевтикалық форумына онлайн-режимде қатысты.

Шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС қолдауымен «Quality Business Partners» ЖШС, «Silk way development fund» және «Iteca» көрме компаниясы ұйымдастырды.

Форумға жетекші халықаралық фармацевтикалық практиктер, көрнекті ғалымдар мен дәрігерлер, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ірі әлемдік өндірушілер,Қазақстан, Ресей және Өзбекстан орталық мемлекеттік органдарының және ұлттық компанияларының басшылары қатысты.Отырыстың онлайн трансляциясы E-FORUM.NET зияткерлік гибридтік платформасында жүргізілді.

Мемлекет тарапынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин және Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Еркін Дауытбаев қатысты.

Форум бағдарламасында дөңгелек үстелдер өтті – «Қазақстанның фармацевтикалық саласына шетелдік инвестицияларды тарту», ​​ стратегиялық сессиясы «Дәрілік заттардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясат. Фармацевтикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дәрілік заттардың қолжетімділігін сақтау тетіктері», бизнес-сессия «Отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің даму перспективалары. Кедергілер мен қиындықтар». Сондай-ақ бірнеше тақырыптық сессия – «Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару. Пациенттердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі», «Дербестендірілген медицинаны дамыту», «Клиникалық зерттеулердегі Қазақстанның әлеуетін дамыту: жаңа шындықтар», «Digital Healthcare» және «Балалар денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері: иммундау және орфандық аурулар».

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин соңғы сессия аясында сөз сөйледі.Балалар омбудсмені оны балалардың құқықтарын нығайту және сапалы әлеуметтік медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тақырыбына арнады.Бұл балалардың мүгедектігін барынша азайту мақсатында скринингтік және оңалту шараларын ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесін құруға, сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, және интернаттардағы балалардың денсаулығын медициналық бақылау, сонмен қатар балалардың денсаулығын қорғаудың басқа да мәселелері қатысты…