Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер кездесті

2022 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова мен облыс әкімдіктері жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдердің кездесуі өтті.Отырысқа Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин да онлайн-конференция арқылы қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы №148 қаулысымен бекітілген Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12-тармағында  қыркүйек айында «Қоғамдық бастама ретінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің кеңесшісі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары функцияларын атқаратын Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымын енгізу» деп көрсетілген.

Алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1 маусымдағы Балалар жылының барысы қаралған отырысында премьер-Министр Әлихан Смайылов Білім және ғылым министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға облыс әкімдіктері жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің дербес лауазымдарын енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Бүгінгі таңда барлық 20 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер басшыларының өкілдері, балалардың құқықтарын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар облыс әкімдіктері жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдер болып тағайындалды.

Балалар ұйымдарына кедергісіз кіру құқығына ие бола отырып, олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қарайды,  сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Осының барлығы 12 қазанда Есенғазы Иманғалиевтің орнына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы болып тағайындалған Насымжан Оспанованың балалар омбудсмендерімен кездесуінде сөз болды.БҚҚК жаңа төрайымы әріптестерінен жұмыстың алғашқы нәтижелері, жергілікті жерде кездесетін мәселелер туралы сұрады. Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау институтын нығайту және БҚҚК мен аймақтық балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қатысты. Ол қатысушылардың назарын балалық шақ саласындағы жүйелі проблемаларға аударып, бірқатар тиісті ұсыныс айтты.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілдердің тізімі:

  • Астана қаласы  – Бимендина Әсима Темкенқызы;
  • Алматы қаласы – Әжіғұлова Халида Қанатбекқызы;
  • Шымкент қаласы – Жазықбаева Жаннета Қанайқызы;
  • Абай облысы – Жүнісова Эльзира Әуесханқызы;
  • Ақмола облысы – Асаинова Әсем Әнуарбекқызы;
  • Ақтөбе облысы – Аймағамбетов Еділ Қонайұлы;
  •  Алматы облысы – Есімбекова Айгүл Қанатқызы;
  •  Атырау облысы – Нұғманова Арайлым Бағытжанқызы;
  •  Шығыс Қазақстан облысы – Каленова Аксана Александровна;
  •  Жамбыл облысы – Бағжанов Дәурен Орайұлы;
  •  Жетісу облысы – Сисекенова Райхан Маратқызы;
  •  Батыс Қазақстан облысы – Өтебалиева Шаттық Саматқызы;
  •  Қарағанды ​​облысы – Киселева Ирина Болеславовна;
  •  Қостанай облысы – Аманқұлова Арайлым Жұмағалиқызы;
  •  Қызылорда облысы. – Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы;
  •  Маңғыстау облысы – Болатбаева Тілектес Аманқосқызы;
  •  Павлодар облысы – Покидова Наталья Сергеевна;
  •  Солтүстік Қазақстан облысы – Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы;
  •  Түркістан облысы – Вероцкая Гүлжан Ералықызы;
  •  Ұлытау облысы – Жаппасова Гүлмира Алпысбайқызы.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілдерді облыс әкімдері тағайындайтынын және олар әкімдіктер алдында жауапты екенін ескерген жөн.