Аутизм мәселесін кәсіби деңгейде талқылау

2021 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Егемен Қазақстан балаларының психикалық денсаулығы. Аутизм – ерте анықтау, диагностика, түзету, абилитация, қолдау алгоритмі, мамандар мен ата-аналардың болжауы» тақырыбы бойынша ZOOM платформасында онлайн режимде өткен III Республикалық конференцияға қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және  жыл сайын 2 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылып,  «Балалардың психикалық денсаулығы – қоғамның өркениеттік деңгейін көрсететін мемлекеттің ерекше назарындағы тақырып» ұранымен өткізілген конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  медицина және денсаулық сақтау факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ МДС факультетінің Жоғары медицина мектебі және Ұлттық медициналық қауымдастығы ұйымдастырған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ клиникалық пәндер кафедрасының профессоры Қорлан Зарлыққызы Садуақасова модераторлық еткен конференция (сонымен қатар ол аутизм, дифференциалды диагностика және абилитация проблемаларына заманауи тәсілдер қолдану жайлы баяндады), әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ МДСФ Жоғарғы медицина мектебінің директоры Раушан Исаева мен балалар омбудсмені Аружан Саинның сөзімен ашылды. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова еліміздегі балаларға психиатриялық көмек көрсетудің жай-күйі жайлы мәлімдеді. 

«ӘБЕО орталығы» ЖШС бас директоры Роза Айтжанқызы Сүлейменова мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту процесін ұйымдастыру туралы өз есебін ақыл, есту, көру, тірек-қимыл жүйесі және т. б. сияқты ақау түрлерін емдеу бойынша түпкілікті, нақты және анық ұсыным әзірлеу ұсынысымен аяқтады.

ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК меңгерушісі,  ҚР ДСМ штаттан тыс генетигі,  «Медицина генетктері қауымдастығы» АҚБ кеңесінің төрағасы Гүлнар Салаватқызы Святова Қазақстандағы неонаталдық скринингтің жағдайы мен болашағы жайлы баяндады.

Басқа баяндамаларда да маңызды мәселелер көтерілді: «Қазақстан Республикасында аудиологиялық скринингті ұйымдастыру. Есту қабілеті бұзылған балаларды оңалту»   (баяндамашы – Римма Суатбаева, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университет клиникасының дәрігер-сурдологы), «Алғашқы 1000 күн: баланың денсаулығы мен өмір сапасына арналған ресурс» және «Қызмет істеудің халықаралық жіктемесі – баланың өмірлік белсенділігінің жұмысын бағалаудың бірыңғай құралы ретінде» (баяндамашы – Ирина Брежнева, «АРДИ» ҮЕҰ-ның білім беру ресурстық орталығының директоры), «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуда эрготерапияны қолдану» (баяндамашы – Гүлмира Сматова, ҚМ «АРДИ»  церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған  интенсивті оңалту және ерте араласу орталығының эрготерапия маманы) «ҚР аутизмді клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу» (баяндамашы – Гүлжан Қасенова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ фундаментальды медицина кафедрасының аға оқытушысы), «Балалар емханасының психиатриялық қызметі (Алматы қ. үлгісінде)» (баяндамашы – Ольга Александрова, Алматы қаласындағы Психикалық денсаулық орталығының (ПДО) балалар стационарлық бөлімінің меңгерушісі), «Глютенді энтеропатия. Ақаудың клиникасы, диагностикалық критерийлері, зертханалық диагностикасы» (баяндамашы – Альфия Назарова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі), «БМӘОБ жағдайында Ата-аналарға арналған психологиялық білім беру бағдарламалары» (баяндамашы – Ирина Брико, Қарағанды ​​облысы ДСБ аймақтық ПДО директорының балалық шақ жөніндегі орынбасары), «Оңалту бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» (баяндамашы – Оксана Мярковская, Шымкент қаласы ДСБ ПДО балалар психиатры), «ADOS аутизмнің дифференциалды диагностикалық құралы ретінде. Қолданылған мінез-құлықты талдауды енгізу» (баяндамашы – Елена Егорова, «Балама» даму ауытқуына шалдыққан балаларға арналған даму орталығының жетекшісі), «Аутизмге шалдыққан адамдарға көмек көрсетудегі әлеуметтік көмек қызметінің рөлі. Жалпы дамуында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды тексеру кезіндегі МӘС мәселелері» (баяндамашы – Шолпан Ақынова, Алматы қаласы № 6 МӘСБ меңгерушісі), «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру» (баяндамашы – Әйгерім Күдеринова, арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры), «Білім беру ұйымдарындағы аутизмге шалдыққан  балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекше жағдайларын ұйымдастырудағы ПМПК рөлі» (баяндамашы – Әлия Ерсарина, арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығының диагностикалық-кеңес беру бөлімі меңгерушісі), «Сөйлеу патологиясы бар балаларды коррекциялық қолдау мәселесі. Әр түрлі ауытқуға шалдыққан балаларда сөйлеуді дамыту ерекшеліктері» (баяндамашы – Ольга Первых, Алматы қаласы ББ сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған No54 түзету бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі), «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кешенді оңалту және әлеуметтік интеграциялау жүйесіндегі бейімделген дене шынықтырудың рөлі. Қазақстандағы бейімделген дене шынықтырудың даму болашағы» (баяндамашы –  Нұргүл Ұлжекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры).

Конференцияға қатысқан педиатрлардың, балалар психиатрлары мен невропатологтардың, жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің, логопедтер мен дефектологтардың, аутизм спектрі бұзылған және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының, осындай балалардың мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің пікірінше, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің нақты жағдайын көрсетуді көздеген конференцияның мақсаты толық іске асырылды, яғни  ақыл-ой дамуында ауытқуы бар балаларды ерте анықтау қалай жүзеге асырылады, ерте араласудың қандай шаралары қарастырылған, мүмкіндігі шектеулі баланың бағыты қалай салынған, қандай мәселелер шешілді немесе шешілу үстінде және нені шешу керек деген сияқты  сұрақтарға жауап алынды.