ArtSport.edu.kz порталымен жұмыс жасау талқыланды

2021 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның төрағалық етуімен Zoom платформасындағы онлайн-конференция режимінде ArtSport.edu.kz порталымен жұмыс жасау мәселесі мен мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар операторларымен өзара әрекеттесу

бойынша пікірталас өткізілді.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар мен олардың жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру тұжырымдамалары заңнамалық тұрғыдан бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Мемлекеттік спорт түрлерін жан басына шаққандағы нормативті қаржыландырудың ережелері мен әдістерін анықтайтын сегіз нормативтік құқықтық актілермен (НҚА) бірге бұл заң әр 4 жастан асқан балаға мемлекет есебінен кем дегенде екі шығармашылық үйірме мен спорттық секцияға тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Процесті техникалық қолдау үшін «SoftDeCo» компаниясы ArtSport.edu.kz порталын құрды. Аталмыш портал 1) қызмет көрсетушілерді, 2) секциялар мен үйірмелерге баратын балалардың ата-аналарын және  3) мемлекеттік тапсырыс операторлары – облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерін біріктіреді. Бұл порталда мемлекеттік тапсырыс операторлары (әкімдіктер) мемлекеттік тапсырыстарды орналастырады, жеткізушілерді таңдайды, секциялар мен үйірмелерге қатысатын балалардың кезектілігін қалыптастырады.

Алайда бүгінгі күні қызмет көрсетушілер тарапынан порталмен жұмыс жасау және мемлекеттік тапсырыс операторларымен өзара әрекеттесу мәселесіне қатысты көптеген сұрақ туындауда. Бұл сұрақтардың басым бөлігіне Zoom конференциясы кезінде жауап берілді, оның жазбасын төмендегі сілтеме бойынша көруге болады.

Талқылауға қатысқандар – Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев [суретте], оның орынбасары Бекболат Байжанов, Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің спорт жөніндегі кеңесшісі Алексей Кондрат,«SoftDeCo» ЖШС бас директоры Сергей Алабугин және басқалар.