Балалар омбудсмені Сенатта сөз сөйледі

2022 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин «Балалардың әл-ауқаты және олардың құқықтарын қорғау» тақырыбында өткен ҚР Парламенті Сенаты (жоғарғы палата) Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысына қатысты. Омбудсмен Қазақстандағы балаға қатысты ең өткір мәселелер туралы баяндама жасады.

20 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орайластырылған жиынға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен БҰҰ, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларында балалардың қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында құқықтарын қорғауға аса көңіл бөлетінін атап өтті. Тағы бір жайт, мемлекет басшысының тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар қалай жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа және осы жағдайға тікелей байланысты балалар суициді мәселесіне тоқталды: «Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және әрбір баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспардың қажеттігін талқылау маңызды деп санаймыз».

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның баяндамасында да осы тақырып қозғалды (одан да басқа!). Ол 2022 жылы Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғаудың ең түйткілді мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты – балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың өтініштерімен жұмыс, балаларға қарсы жасалған қылмыстар (физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық, қорқыту және кибербуллинг, нашақорлыққа тарту, бала саудасы және т.б.), орфандық (сирек кездесетін) ауруларға шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,балалардың бұқаралық спорты мен шығармашылығын дамытуға арналғанжан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу реформасы (ARTSPORT),  балалардың мүгедектігін азайту реформасы және т.б.

 Өз баяндамасын қорытындылай келе, Балалар омбудсмені былай деді: «Құрметті қатысушылар, әрине, саяси реформалар, сот және құқық қорғау жүйесіндегі реформалар өте маңызды. Бірақ қарапайым азаматтар кейде оларды түсінбейді, «Жаңа Қазақстанның» нәтижесінің дәлелі ретінде күнделікті өмірінің жақсы жаққа өзгергенін қалайды.

Егер де Мемлекет баланың денсаулығы мықты болуы үшін барлық жағдайларды жасап, тіпті денсаулығында ақаулар болса да, барлығына тең мүмкіндіктер мен құқықтарға ие болып, білім алып, өзінің сүйікті өнерімен немесе спортпен айналысуына мүмкіндік беріп, оның иеленетін барлық потенциалын ашуына, ата-анасының қаражаты жеткіліксіз болса да, үйде де мектепте де дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін болса – мұндай бала өз Отанының, Біздің Қазақстанның нағыз шынайы патриоты болады! Еліне адал қызмет етеді, бұдан да көп жетістіктерге жетуге тырысады, демек, ел барлық жағынан биікке көтеріледі! Бұл балалар өздерінің және басқалардың еңбегін құрметтейтін болады. Адам құқықтары мен заңдарын құрметтейді. Елін сүйетін болады!

Сондықтан мен санамалап өткен мәселелерді шешуге, жаңа реформаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын».

Аружан Саинның баяндамасының толық мәтінін мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:

https://bala-ombudsman.kz/kz/wp-content/uploads/2022/11/doklad_v_senate-22-11-22kaz.pdf

.