«Жануарлар — менің достарым»

Қымбатты балалар!

«Жануарлар — менің достарым» атты сурет байқауына белсенді қатысып жатқандарың   үшін көп рахмет!

Бізге күнделікті оннан астам сурет келіп түседі.  

Сендер өз жұмыстарыңда байқаудың негізгі идеясы – табиғатты қорғау мен жануарлар әлемінің сан алуандығын сақтап қалу мәселесіне аса мән бергендерің бізді қуантады.

Біз сендердің таланттарыңа тәнтіміз. Дарындарыңды одан әрі шыңдай беріңдер!

Достарыңа байқау жайлы айтып,  карантинде уақытты қалай пайдалы өткізуге болатынымен бөлісіңдер.

Егер сен 6 мен 17 жас аралығындағы бала болсаң және әлемдегі биологиялық теңгерімді сақтау мәселесіне қатысқың келсе —  www.alembala.kz сайтына кіріп, байқаудың жеңімпазы атан!

Естеріңе сала кетейік:

Байқауға қатысу ТЕГІН!

Қазылар алқасы кез-келген көркемдік техникада жасалған жұмыстарды қарастырады:   аппликациялық, коллаждық, компьютерлік графикалық жұмыстар. Ең басты шарт — жұмыс автордың толықтай өзі жасаған тұпнұсқасы болуы қажет. Бір автордың бірден үшке дейін жұмысы қабылданады. Салған суреттің тақырыбына арналған эссе де жолдауға болады.

Байқау ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығы аясында,   БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының қолдауымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту аясында, ҚР Білім және ғылым министлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және «Балалар Бейбітшілікті Суреттейді» Қоғамдық Қорының қатысуымен ұйымдастырылады.

Байқау жеңімпаздарына «EDUStream» компаниясы Австрияның астанасы Венада (COVID 19 пандемиясы аяқталғаннан кейін) балалар суреттерінің көркем көрмесіне қатысу мүмкіндігін ұсынады. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі мен байқаудың серіктесі «Настоящий Буратино»сауда белгісі қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыстайды.

Жұмыстар 2020 ж 1 сәуір мен 30 маусым аралығында қабылданады

Жеңімпаздардың жұмысы еліміздің барлық аймағындағы орталық көшелеріндегі билбордтарға орналастырылады. Барлық қатысушыға электронды дипломдар беріледі.

Байқауға қатысушылардың жұмыстары түпнұсқада мына

пошталық мекен-жай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов көшесі, 14а үй
«Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры
«Жануарлар — менің Достарым» байқауына
Жұмыстарды 
alembala.kz@gmail.com электрондық поштасына да
жіберуге болады.

Ақпарат алу үшін: +7 727 983 53 68, +7 708 983 5368
Толық ақпарат: 
www.alembala.kz

Рубрики: Новости